Қазақстан • 09 Маусым, 2017

Байланыстарды кеңейтуге шақырды

164 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Парламентінің Төрағасы Халима Якобпен кездесті. Ол ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне өз елінің ұлттық делегациясын бастап келген болатын, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Байланыстарды кеңейтуге шақырды

Сенат Төрағасы сингапурлық пар­ла­ментшілерге мемлекеттер басшылары Н.Назарбаев пен Ли Куан Ю негізін қалаған екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан Парламенті жо­ғар­ғы палатасының басшысы Син­гапурдың ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне белсенді қатысуын жоғары бағалады және осы елдің энергияның балама көздерін пайдаланудағы жетістіктерін атап өтті.

Әңгіме барысында сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық және жаңа технологиялар мен инновация саласындағы өзара екіжақты байланысты кеңейту мәселелері талқыланды. Сенат Төрағасы бірлескен жобаларды іске асыру үшін ЭКСПО негізінде ашылатын Жасыл технологиялар мен «Астана» халықаралық қаржы орталықтарын пайдалануға болады деп санайды.

Қ. Тоқаев сингапурлық инвес­торлар үшін Қазақстан нарығы әлеуетінің тартымдылығы арта түскеніне назар аударды. Астана Син­гапур мен Еуразиялық эконо­микалық одақ арасындағы еркін сау­да туралы келісімін бекіту жө­нін­дегі келіссөздерді қолдап келеді.

Сенат Төрағасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағ­дарламасы мен Қытайдың «Бір бел­деу, бір жол» бастамасының аясында  инфрақұрылымдық және көлік жобаларын іске асыруға байланысты ауқымды мүмкіндіктерді атап өтті. «Қазақстан ЕАЭО, Орталық Азия және Еуропа елдерінің нарықтары жолында тауар мен қызмет көрсетуге аймақтық логистикалық торапқа айналуы тиіс», деді ол.

Сонымен бірге, Қ.Тоқаев Қазақстанның тағатты саясаты туралы да әңгімеледі және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру жөніндегі бастамасына жан-жақты тоқталды.

Халима Якоб өз кезегінде жүзге жуық қазақстандық компаниялар Сингапурға инвестиция әкелгенін, бұл қадам ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты осы елдің компанияларына жол ашатынын айтты. Сингапур Парламенті Төрайымының айтуынша, қаржы секторы мен консалтинг қызметін көрсету салалары өз отандастарына басымдыққа ие болу мүмкіндігі бар.

Х.Якоб жылы шырайлы қа­­­был­­дауға ризашылық біл­дір­­­ді және Қ.Тоқаевты ЭКС­ПО-­2017 халықаралық көрме­сін­­дегі Син­гапурдың ұлттық па­вильо­нының ашылуы салтанатына қатысуға  шақырды.