«Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс ресми түрде Кипрдің АПОЭЛ командасына ауысты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Колумбиялық футболшы бүгін медициналық тексеруден өтіп, жаңа командасымен 2017 жылдың соңына дейін келісімшарт жасасты. Трансфер құны әзірге белгісіз. АПОЭЛ сапында ол 80-нөмірмен ойнайды. Бұған дейін Каньястың жаңа командаға жарты жылға жалға берілетіні хабарланған.
Айта кетейік, Рохер Каньяс «Астанада» 2014 жылдан бері ойнап келеді. Елордалық ұжыммен ол үш рет Қазақстан чемпионы атанып, бір мәрте ел Кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар, өз командасын Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алуына септігін тигізген.
«Астанаға» дейін ол екі жыл Қарағандының «Шахтерінде» ойнаған. Мұнда 2012 жылы чемпион атанып, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогында жеңіске жетті. Жалпы, 26 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасында 143 кездесуге қатысып, 19 голдың және 14 нәтижелі пастың авторы атанған.

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше