27 Қазан, 2016

Сатаевтың "Хакер" фильмі бірнеше мемлекетте прокатқа шығады

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақан Сатаевтың «Хакер» фильмі Қазақстаннан басқа тағы бірнеше мемлекетте прокатқа шығады. Бұл жаңалықпен режиссер өзінің Инстаграмдағы парақшасында бөлісті. "Екі жыл бұрын продюсер Санжар Сұлтановпен түсірген фильм Қазақстанмен қатар тағы бірнеше мемлекетте прокатқа шығатын болды. Бұл үлкен халықаралық жобаны Канада, АҚШ, Қытай, Тайландта түсірген едік. Енді 1-желтоқсаннан  көрсетіле бастайды», - деді А.Сатаев .