03 Қазан, 2016

Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-10-vice-ministr Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі болып Ақтоты Райымқұлова тағайындалды. Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «композиция және фортепиано» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы, концертмейстері, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушысы болып қызмет еткен. 2014 жылдан бастап Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері департаментінің директоры міндетін атқарды. Егемен-ақпарат