01 Қазан, 2016

Орталық коммуникациялар қызметінің директоры - Е.Кочетов

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ ұжымына жаңа жетекшісі Евгений Кочетовті таныстырды деп хабарлайды Егемен-ақпарат. Орткомның бұрынғы директоры Кемелбек Ойшыбаев "Қазақстан" телерадиокорпорациясы басқарма төрағасы болып тағайындалды. "Бұл - үлкен сенім және үлкен мүмкіндік. Оның бұл сенімді ақтайтынына еш күмәнім жоқ. Және сіздердің оған бұл істе көмек көрсететіндеріңізге сенімдімін. ОКҚ-нің алдында қазір жаңа міндеттер тұр - бұрынғыдан да тығыз қарым-қатынаста, жаңа форматта жұмыс істеулеріңіз керек" деді Дәурен Абаев. Кочетов Евгений Дмитриевич 1988 жылдың 22 сәуірінде дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін,  Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. "Қазконтент" АҚ Kaztube порталының жетекшісі, Informburo, Vlast порталдарында экономикалық шолушы, "Цесна" корпорациясы АҚ" бөлім жетекшісі сияқты қызметтер атқарған. Егемен-ақпарат