01 Қазан, 2016

«Алтын арманнан» құтты қоныстарын тапты

301 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
serg_166Соңғы жылдары Қостанай қаласының әр шалғайында жаңа тұрғын аудандар жылдам өсіп келеді. Қала сыртындағы бұрын негізінен өндіріс орындары орналасқан аумақ қазір әсем қалаға айналды. Онда тұ­тас тұрғын ауданмен бірге соң­ғы жылдары Назарбаев зияткер­лік мектебі, тағы бір қазақ ор­та мектебі балаларға есігін ай­қара ашты. Toyota, Sang Yong се­кілді әлемдік брендтер құрас­ты­ры­латын «АгромашХолдинг» және «СарыАрқаАвтоПром» ірі зауыттары орналасқан аумақта «Алтын арман» шағын тұрғын ауданы бой көтерді. Ондағы жаңа жобамен салынған әсем үйлер қостанайлықтардың арман мекені десе болады. Таяуда ғана операторы «Бәй­те­рек» холдингі ипотекалық компаниясы болып табылатын «Нұрлы Жол» әлеуметтік арендалық тұр­ғын үй бағдарламасы бойынша 94 отбасы баспаналы болды. Олар­дың қатарында бюджет қыз­меткерлері, көп балалы отбасы­лар, оралмандар, ұстаздар, медицина қызметкерлері секілді баспананы армандап, біраздан бері кезекте тұрғандар аз емес. Пәтер кілтін тапсыру кезінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Бәй­терек» холдингінің ен­ші­лес кәсіпорындары тұрын үй бағ­дар­ламасына белсенді қатысып, облыс әкімдігі құрылыстың ырғақ­ты жүруіне кешенді шаралар жасап отырғанын айтты. – Қазір «Бәйтерек девелоп­мент» және Қазақстан ипотекалық компаниясымен ынтымақтаса жұмыс істеу арқасында Қостанай қаласындағы тұрғын аудандарда 9 тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. «Юбилейный» жа­ңа тұрғын ауданының инфра­құрылымын жасау үшін 6 мил­лиард теңгеден астам қаржы бөлуді ойластырып отырмыз, – деді өңір басшысы. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін облыс орталығындағы 5 тұрғын ауданда құрылыс жұмыстарына басымдық берілді. «Аэропорт», «Солтүстік» тұрғын аудандарын­да құрылыс жұмыстары қар­қын ала түссе, «Қонай» және қа­ла іргесінде орналасқан Ми­­чу­рин селосындағы «Юби­лей­ный» тұрғын ауданында инфра­құры­лым тарту жұмыстары жүр­гізіліп, онда 400 мың шаршы метр жеке үй салуға жер телімдері бері­леді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» ҚОСТАНАЙ