30 Қыркүйек, 2016

Үкімет басшысы мен оның орынбасарларының міндеттері бөлінді

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ukimet-uyi2 Енді ҚР Премьер-министрінің қарауына экономикалық, қаржы, фискалдық және кедендік саясат, мемлекеттік бюджетке қатысты стратегиялық мәселелер, мемлекетаралық қарым-қатынас мәселелері және халықаралық ынтымақтастық, шетелдік инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жетілдіру және басқалары кіреді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің міндеттеріне экономиканы және аймақтық саясатты жедел басқару, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану, құрылысты дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, энергияның жаңартылатын көздері, көмір, атом өнеркәсібі және ядролық энергетиканы дамыту мәселелері бекітілді. Сонымен қатар, ол төтенше жағдайларға және жұмылдыру жұмыстарына, әскери-өнеркәсіптік кешенді, шағын және орта бизнесті дамыту, жылу беру маусымдарына дайындық және оны өткізу, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі мәселелеріне және басқаларына жауапты. Премьер-министрдің бірінші орынбасарының құзыретіне сондай-ақ мемлекет-жекеменшік әріптестігін дамыту, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, өнеркәсіпті, инновацияларды, техникалық реттеу, электр энергетикасы, геология және жер қойнауын пайдалану, мұнай химиясы, ақпараттық технологиялар, туризм, экспорттық бақылау және басқа мәселелер кірді. Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, әлеуметтік саясат, жұмыспен қамту, дін, спорт, мәдениет, демография және көші-қон саясаты, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды үйлестіру және басқа мәселелерді қарайтын болды. Премьер-министрдің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешен, жер қатынастары, су ресурстары, орман шаруашылығы, жануарлар әлемі және басқа мәселелерге жетекшілік етеді. Ал Премьер-министр кеңсесінің басшысы Ерлан Қошанов Премьер-министрді және Үкімет басшылығын ақпараттық-талдау, құқықтық-ұйымдастырушылық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев тиісті құжатқа, яғни «Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2016 жылғы 5 тамыздағы «Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасарлары және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы арасындағы міндеттерді бөлу туралы» өкіміне өзгерістер енгізу туралы» өкімге қол қойғанын бүгін primeminister.kz хабарлады.