30 Қыркүйек, 2016

Хаттамалар ратификацияланды

259 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
parlament-3-novКеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен палатаның кезекті жал­пы отырысы болды. Онда алдымен Мәжіліс ма­құлдаған Ұлы Отан соғы­сы­ның қатысушылары мен мү­ге­дектеріне, басқа мемлекет­тердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызмет­ші­лердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы ТМД-ға қа­ты­сушы мемлекет басшылары 1994 жылдың 15 сәуірінде қол қойған келісімге енгізілген өз­герістер мен толық­тыру­лар ту­­ра­лы хаттаманы ратифи­ка­­ция­­­лау туралы заң жобасы қарал­ды. Заң жобасы бойынша баяндама жасаған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айтуына қарағанда, заң жобасы Қазақстанда 215 мың адамды қамтитын көрінеді. Бүгінгі таңда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік қамтамасыз етілуінде түбегейлі өзгерістер жасалып, ұлттық заңнамалары мен әлеуметтік жүйелері қалыптасты. Осынау өзгерістер 1994 жылғы жасалған келісімге енгізілмей келеді. Ұсынылып отырған заң жобасы осы өзгерістердің келісімге енгізілуін көздейді, деді министр. ТМД-ға қатысушы мем­лекеттердің аумағына уақытша барған осы заңды қолдануға тиісті біздің адамдарға бері­летін кепілдіктер тізімі өз­гер­ген. Заңға сәйкес, ондайлар енді ауырған жағдай­да, жарақат алып немесе уланып қалса және т.б. қиын жағдай­ға ұшыраса медициналық ұйым­дар оған тегін жедел меди­циналық көмек жасауға, ал сауда және бай­­ланыс орындары кезектен тыс қыз­мет көрсетуге міндетті. Сонымен бірге, жеңіл­діктерге ие болатын адамдар қатарына 1944 жылғы 1 қаң­тар мен 1951 жылғы 31 жел­тоқсан аралығындағы кезең­де Украина, Беларусь, Лит­ва, Латвия, Эстония аумақ­тарындағы заңсыз құрылым­дар мен топтарды жою жөнін­дегі ұрыс операцияларына қатыс­қан адамдар да осы келісім­ге енгізіліп, оның аясын кеңі­тіп отыр. Қазақстан аумағын­да осындай 29 адам тұратын көрінеді. Баяндама аяқталған соң Т.Дүйсенова депутаттар­дың сұрақтарына жауап бер­ді. Соның ішінде сенатор Аң­сар Мұсаханов заң жобасы жеңілдік категориялары бойын­ша қанша адамды қам­титынын сұрады. Оған Ұлы Отан соғысына қатысушылар – 3200, Ауғанстан соғысы­на қатысқандар – 18 мың, Чер­нобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандар – 18 мыңнан астам және т.б. екендігі айтылды. Сенатор Сәрсенбай Ең­сегенов келісімге енген мем­лекеттерде жеңілдіктер өз­дері­нің ұлттық валютасымен төленетінін айта келіп, олар қалай ретке келтірілетінін сұра­ды. Оған жеңілдік көле­мі сол елдің ұлттық заңна­ма­сын­да белгіленген көлем­де бері­ле­тіндігі айтылды. Оларды бар­лық елде бірдей деңгейге жет­кізу қарастырылмаған екен. Бұлардан басқа бірнеше сұрақтан кейін заң жобасы талқыланып, хаттама ратификацияланды. Жалпы отырыста, сондай-ақ, Мәжіліс мақұлдаған Қазақ­­стан мен Сербия үкі­мет­­тері арасындағы табыс пен капи­талға салынатын салық­тарға қатысты қосар­лан­ған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция мен оған жасалған хаттаманы рати­фи­кациялау туралы заң қабыл­данып, бұл хаттама да ратификацияланды. 2015 жылғы 28 тамызда Астанада қол қойылған Кон­венция мен Хаттама Қазақстан мен Сербия арасындағы ин­вес­­тицияға қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық ын­­тымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған. Конвенция қосарланған са­лық салдырмау мақсатында жасал­ған халықаралық құжат болып табылады. Тараптар салық төлеушіге қатысушы мем­лекеттердің бірінде ғана тек бір рет салық төлеу мүмкін­дігін қамтамасыз етеді. Жалпы отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәсе­лелер қаралып болған соң Премьер-Министрдің атына бір­қатар депутаттық сауалдар жария етілді. Ал сенатор Аңсар Мұсаханов Алматы об­лы­сындағы үш азаматтың өлі­мін тергеуге қатысты Ішкі істер министрінің атына депу­тат­тық сауал жолдады. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»