22 Қыркүйек, 2016

Жамбылда «Тіл – татулық тірегі» фестивалі өтті

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен тіл жанашырлары мен мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерінің және облыстағы этномәдени бірлестік өкілдерінің арасында «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль өткізілді. Бүгінде қасиетті Әулиеата жерінде татулығы мен бірлігі жарасқан 80-нен астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мәртебесін көтеру мен маңыздылығын кеңінен насихаттау және өңірдегі түрлі этностардың ана тілдерін дамытуға қолдау көрсету, сондай-ақ еліміздегі татулық пен азаматтық келісімді нығайтуды басты мақсат тұтқан бұл іс-шара барысында бірқатар тіл жанашырлары алғыс хатпен марапатталды. Әрине, мұндай фестифальдер өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге және ана тілдерін білуге деген қызығушылығын оятып, этнос өкілдерінің ортақ Отаны – Қазақстанға деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыратыны анық. Оралхан ДӘУІТ