23 Қыркүйек, 2016

«Өркен» білім беру гранты туралы Жарлыққа өзгерістер енді

727 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-12-2015-elbasyҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы №724 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы қаулы етемін:
  1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы №724 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру гранты тағайындалсын.»; 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекітсін;».
  1. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 қыркүйек  №340