23 Қыркүйек, 2016

Астанада Азияның парламентаралық форумы өтеді

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
yemblema-aziyalyk-forumФорум жұмысы 26 қыркүйекте 11:00 сағатта «Rixos President Astana» қонақүйінде басталады. Ауқымды шараның мақсаты – ИЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің білім және ғылыми әлеуетін дамыту саласында әріптестікті нығайту. Сонымен қатар, ИЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің экономикасы үшін үздік технология­ларды енгізу, ғылымды дамытуға ықпал ету, білімге негізделген қоғам құру мәселелері де парламентшілер назарынан тыс қалмауға тиіс. Сондай-ақ, ұлттық инновация жүйесін ны­ғай­ту, ғылыми-техникалық даму үшін жүйелік мотивация тетіктерін қосу ба­ғыттарына да басымдық беріледі. Форум аясында Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымының (ИСЕСКО) «Ұйымға мүше және мүше емес мемлекеттерінде ғы­лым, технология және инновация сала­ларында нормативтік-құқықтық база және ынталандырушы шаралар» бағытындағы зерттеулерінің таныстырылымын өткізу көзделген. Форумға 25 елдің парламент өкілдері мен сарапшылары, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың мүшелері қатысады деп күтілуде. Аса маңызды шараның ұйымдас­ты­рушылары: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі, Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ислам ұйымы (ИСЕСКО) және Ислам даму банкі (ИДБ). Форум қорытындысы бойынша Астана декларациясы қабылданбақ.