23 Қыркүйек, 2016

Ақтауда Әбіш Кекілбаев орталығы ашылады

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1473905718-2Әбіш Кекілбайұлын исі қазаққа таныстырып жатудың қажеті жоқ. Көзінің тірісінде қарымды қаламгерлігімен, азаматтық болмысымен өзін жалпақ жұртқа мойындатып кеткен кемеңгердің қазақ қоғамынан алар орны қашанда бөлек. Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған алты Алаштың ардағын жерлестері орынды мақтан етеді. Жуырда Маңғыстау халқы үшін жағымды жаңалық жария етілді. Ол облыс орталығы Ақтау қаласынан Әбіш Кекілбаев орталығын ашу туралы бастама еді. Ақтауға Астанадан арнайы келген сәулетшілер өңір басшылығымен кездесіп, келісті кешеннің жобасын талқылады. Бір мезгілде екі мыңға жуық адамды қабылдай алатын ор­та­лық ақшаңқан шаһардың 19 «а» шағын ауданында орналаспақ. Заңғар жазушының әдеби мұрала­рын сақтаумен және насихаттаумен ай­на­лысатын айтулы мекеме аясында кітапхана, мұражай, концерттік зал және кітап дүкені ашылатын болады. Бұл орталықтың құрылыс жұмыстары 2017 жылға жоспарланған. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы