22 Қыркүйек, 2016

Қарағандылық қыз полиатлоннан әлем чемпионы болды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kar Ресейдің Ялта қаласында полиатлон спортынан өткен әлем чемпионатында қарағандылық қыз Ольга Бернацкая тамаша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Полиатлон спорттық көпсайыстың бір түрі. Қазақстанда президенттік көпсайыс деп аталады. Жазғы және қысқы түрлері болады. Ялтадағы дүниежүзілік додаға алты елден 190 спортшы қатысқан болатын. Балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кешенді  спорт мектебінің оқушысы Ольга Бернацкая 16-17 жастағылар тобында өнер көрсетті. Ол спорттың бес түрі, атап айтқанда 100 метрге жүгіру, 500 грамм гранатаны лақтыру, пневматикалық мылтықтан ату, 100 және 1000 метрлерге жүзу бойынша үздік нәтижеге қол жеткізді. Ольга өзінің жеке бапкері Галина Широкованың қарамағында жаттығады. Қайрат Әбілдинов