22 Қыркүйек, 2016

«Алау» мұз айдыны қысқы маусымға ашылады

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-09-16-alau-11

1 қазанда «Алау» мұз айдыны сарайында коньки тебу маусымы ашылады, деп хабарлайды astana.gov.kz сайты. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілу үстінде. Озық технологиялармен жабдықталған мұз айдынында 400 метрлік жол, хоккей мен мәнерлеп сырғанауға арналған корттар бар. Биылғы маусымда хоккей кортында ЕХPO -2017 логотипі, ал жүгіру жолында – ұлттық ою өрнек белгіленеді. Жазғы маусымда «Алау » спорт орталығына 12710 адам келген. Оның ішінде лагерьге барған 1500 бала қатысса, көпбалалы отбасынан шыққан 250 жеткіншек спорт алаңын тамашалауға мүмкіндік алған. Айман МҰҚЫШОВА