22 Қыркүйек, 2016

Футзал. Қазақстан құрамасы Испания командасынан ұтылып қалды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-09-16-futzal

Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Қазақстан құрамасы Испания командасынан 2:5 есебімен ұтылып қалды деп хабарлайды Егемен-ақпарат. Ойынның 3-ші минутында алғашқы голды испаниялық Серхио Лосано Мартинис салды. Мұнан соң шабуылға көшкен Қазақстан құрамасы араға 2 минут салып есепті теңестіріп кетті. Гол авторы – Шыңғыс Есенаманов. Екінші тайм басталысымен испандықтар нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, таблодағы есепті 2:1 жеткізді. Дегемнен, Қазақстан командасы тағы бір гол салып, таразы басын теңестірді. Осылайша, қос құрама алма-кезек шабуылдар ұйымдастырып, әдемі ойын көрсетті. Алайда, тәжірибесі басым испаниялықтар бұл турда біздің команданы ұтып, 1/4 финалына шықты. Егемен-ақпарат