10 Қыркүйек, 2016

10 000 000 теңге

306 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
pri_2796-2Данияр Елеусінов балаларды емдеу қорына осынша ақша аударды Рио Олимпиадасының чемпионы, Орал өңірінің төл тумасы, боксшы Да­нияр Елеусінов әкесі әрі жаттықтырушысы Ма­рат Елеусіновпен бірге туған жеріне келіп, ел-жұрт­пен қауышты. Осы емен-жарқын жүзде­су­лер барысында оларды Батыс Қазақстан облы­сының әкімі Алтай Көл­гінов қабылдады. Кез­де­су үстінде облыс басшысы Даниярдың биік жетістігі кәсіби спорт­та­ғы қадамдарын жаңа­дан бастаған балғын жет­кін­шектер үшін қайта­ланбас үлгі-өнеге екенін атап көр­сетті. Аймақ басшысы өз сө­зінде Орал қала­сын­да құ­рылысы аяқ­талып келе жатқан, Жас­тар сарайының жанынан құрылатын бокс орталығына Данияр Елеу­­­­­­сіновтің есімін бе­ру жө­нінде шешім қа­был­­­данғанын жеткізді. «Да­нияр өзінің артынан ерген спорттағы дарынды іні­лерін тәрбиелеу ісіне өз үлесін қосады деген се­нім­­деміз», – деді бұдан әрі А.Көлгінов. Туған топырағының аты­нан сый ретінде өңір басшысы әкелі-бала­лы Данияр мен Ма­рат Елеу­сіновтердің әрқай­сысына 10 миллион тен­генің ақ­шалай сертификатын табыс етті. Бұдан кейінгі кезекте Олимпиада чемпионы өзара құрмет пен сыйластық белгісі ретінде облыс әкіміне бокс қол­ғабын сыйға тартса, оның әкесі облысқа кү­міспен күп­телген тұмар­ды тапсырды. Тілек сөзінің соңында өз елінің текті де мәрт ұланы аймақ басшысы табыс еткен 10 миллион тенгенің сертификатын өзінің кін­дік кес­кен топырағында қал­ды­ра­тынын айтты. Әрі оны сал ауруына тап болған балаларды сауықтырумен айналысатын «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігіне тапсы­ратынын мәлімдеді. Дәл сол күні 10 миллион тең­генің сертификаты «Бәй­­терек» қоғамдық қо­ры­ның төрайымы Ме­руерт Санкаеваға табыс етіл­ді. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ Суретті түсірген Айбатыр Нұраш