01 Тамыз, 2016

Жансақтау бөлімінде жатқан екі полицей қайтыс болды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_54099" align="aligncenter" width="600"]01-08-16-umer ment Фото: 24.kz[/caption] 24.kz-тің хабарлауынша, Алматыда болған атыс кезінде ауыр жарақат алған полицейлер қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Оның бірі – аға сержант Абильдаев Серик Еркенович. Ол 1973 жылы туған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1994 жылдан бастаған. Осы уақыт аралығында «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 1,2,3 дәрежелі медальдерімен, «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгісімен, Ішкі істер министрлігі және Алматы қалалық ішкі істер департаменті грамоталарымен марапатталған. Артында 3 қызы қалды. Ал полиция лейтенанты Рахматуллаев Мейрамбек Нуридиллаулы 1992 жылы туған. Ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет атқарған. Ішкі істер министрлігі және Алматы қалалық ішкі істер департаменті грамоталарымен марапатталған. Талғат РАЙЫМБЕК