01 Тамыз, 2016

Түркияда барлық әскери училище жабылады

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_54079" align="aligncenter" width="700"]010816-turkish Фото: news.rambler.ru[/caption] Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған әскери төңкеріс жасау әрекетінен соң елдегі барлық әскери училищенің жабылатындығын мәлімдеді. РИА «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, олардың базасында ұлттық қорғаныс университеті құрылатын болады. «Әскери училищелер жабылады. Жақында бұл туралы Resmi gazete басылымында жариялайтын боламыз. Олардың орнына ұлттық қорғаныс университеті құрылады», – деді Түркия президенті. Айта кетейік, 16 шілдеге қараған түні мемлекетте қарулы төңкеріс жасалмақ болған. Оқыс оқиға Анкара мен Ыстанбұл қалаларында орын алды. Соңғы мәліметтер бойынша бүлікшілерді есептемегенде 246 адам қаза тауып, 2 мыңға жуығы түрлі жарақат алған. Аян ӘБДУӘЛИ