31 Шілде, 2016

Испанияда теңізшілер 44 босқынды құтқарып қалды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_54053" align="aligncenter" width="700"]310716-zherorta Фото: bloknot.ru[/caption] Испанияда құтқарушылар Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өтпек болған босқындарды құтқарып қалды. РИА «Новости» ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, барлығы 44 босқын екі қайыққа мінген. Белгілі болғандай, оларды алғаш болып, теңізге шыққан кеме капитаны байқап қалған. Көп ұзамай құтқарушыларға хабар берген. Іздеу жұмыстары елдің оңтүстік-шығысында өтті. Олардың бәрі аман-есен жағаға жеткізілді. Ақпарлар бойынша, екі қайықтың біріне 19 адам, ал екіншісіне 25 адам жайғасқан. Айта кетейік, биыл Еуропаға Таяу Шығыс, Солтүстік Африка елдерінен 200 мыңға жуық босқын келген. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун бірер ай бұрын Жерорта теңізінде ай сайын 450 мигрант опат болатынын мәлімдеген болатын. Аян ӘБДУӘЛИ