31 Шілде, 2016

Түркияда 1,4 мың сарбаз қызметінен босатылды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_54039" align="aligncenter" width="697"]310716-turkish Фото: interfax.ru[/caption] Түркия билігі ислам уағызшысы Феткуллах Гюленмен байланысы бар деген айыппен 1389 әскери қызметкерді жұмысынан босатты. Осыған дейін хабарланғандай, сәтсіз аяқталған мемлекеттік төңкеріске 66 мың адамның қатысы болған. interfax.ru ақпарына сәйкес, олардың 44 мыңы білім беру саласында қызмет еткен. Өткен жұма күні мемлекеттің ішкі істер министрі Эфкан Ала тергеу жұмыстары кезінде 18 мың адамның қолға түскенін мәлімдеген болатын. Сол сияқты, 50 мың адамның паспортын жарамсыз етті. Осыдан бірнеше күн бұрын аталған уағызшымен байланысы бар бірқатар ақпарат құралдарын жабу туралы шешім қабылданған. Айта кетейік, Түркияда 16 шілдеге қараған түні бүлікшілер әскери төңкеріс жасамақ болған. Алайда, олардың жоспары сәтсіз аяқталды. Билік бұл іске Америкада тұрып жатқан Феткуллах Гюленнің қатысы бар деген мәлімдеме жасаған. Аян ӘБДУӘЛИ