• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жануарлар 18 Қаңтар, 2017

Маңғыстауда арқар саны артып келеді

9181 рет
көрсетілді

Арқар – еліміздің «Қызыл кітабына» енген аң. Маңғыстау өңірінде олардың санының арта түсуі көңіл қуантады.

Өткен жылдың күз айында Алматы қаласынан келіп, әуе санағын жүргізген Зоология институтының ғылыми қызмет­керлері  Маңғыстауда 2000-ға жуық киік, 1000-нан астам қарақұйрық бар деп ұйғар­ды. Ал 60-70 пайызы Қызылсай мемле­кеттік өңірлік паркі табиғат кешенінің аума­ғында болып табылатын арқарлардың саны 1500-ге жуықтаған.

Құрамында Қызылсай, Жабайұшқан, Адамтас, Есет, Көлеңкелі, Манашы секілді жеті қорық бар аталмыш өңірлік парк 2012 жылы құрылған. Қорық мамандары осы парк ашылған соң арқарлардың көбейе бастағанын айтады.  Яғни, табиғаттың, жер­дің жағдайына байланысты көшіп жүретін тұяқ­ты аңның негізгі дені Қызылсай өңірлік таби­ғи паркінің аумағына  бұрынғы Үстірт қорығының аумағын мекендегендер болып табылады.

 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар