Котбус қаласында (Германия) спорттық гимнастикадан Әлем кубогының алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша халықаралық турнирдің финалына Қазақстан құрамасының үш өкілі жолдама алды.
Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Курбанов пен Зейнолла Идрисов финалда өнер көрсетеді. Нариман Курбанов іріктеуде 14,700 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтаса, Идрисов 14,566 ұпаймен алтыншы нәтиже көрсетті.
Еркін жаттығуларда Дмитрий Патанин 13,533 ұпай жинап, сегізінші орынмен финалға өтті.
Шешуші сындар 21 және 22 ақпанда өтеді.
Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді