• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Олимпиада Бүгін, 10:48

Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?

10 рет
көрсетілді

Қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күндерінің бірінде Италияның Милан, Кортина-д’Ампеццо және солтүстік аймақтағы өзге қалаларында қазақстандық спортшылар үш спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

15:00 (Қазақстан уақытымен) – ерлер арасындағы 50 км шаңғы жарысы (масс-старт). Жарыс жолына Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков шығады.

14:45 – фристайл-акробатикадан командалық сайыс. Іріктеу кезеңі мен финалда Аяна Жолдас, Роман Иванов және Асан Асылхан өнер көрсетеді.

19:50 – конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы масс-старт. Қазақстан атынан Елизавета Голубева қатысады.

Фристайл-акробатика: Отандастарымыз Олимпиаданың финалына өте алмады

Айта кетейік, Қысқы Олимпиада-2026 ойындарында Қазақстан атынан 10 спорт түрінен 36 спортшы қатысып жатыр. Сондай-ақ ел өкілдері фристайл-могул мен мәнерлеп сырғанаудан төрешілер құрамында да бар.

Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа кірді

   
Соңғы жаңалықтар