Қазақстанда халық табысын арттыру бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі тіркелді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Еске сала кетейік, Қазақстан экономикасында шағын және орта бизнестің (ШОБ) салмағы артып отыр. Mastercard пен KPMG жүргізген зерттеуге сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ үлесі ІЖӨ-нің шамамен 40%-ына жеткен, ал секторда 4,7 млн адам жұмыспен қамтылған – бұл экономикалық белсенді халықтың 50%-дан астамы.