Ұлттық қауіпсіздік комитеті кеден органдарымен және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен бірлесіп, Алматы қаласының әуежайында есірткіні алып өту әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оңтүстік-Шығыс Азиядан келген шетел азаматының багажын тексеру барысында шамамен 21 келі марихуана табылған. Тыйым салынған жүк тәркіленіп, күдікті ұсталды.
Полиция органдары бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі Украина Ұлттық полициясымен және екі елдің бас прокуратураларымен бірлесіп, халықаралық қылмыстық топтардың call-орталықтарын жою бойынша арнайы операция өткізді.