Әйгілі әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі атақты Madison Square Garden аренасында өткен тарихи концертіне дайындықты баяндайтын жаңа деректі фильмнің трейлерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
«Димаш Құдайбергеннің арманы: Қошеметке дейін» (Before The Applause: The Dream of Dimash Qudaibergen) деп аталатын фильм өнер иесінің әлемдегі ең беделді концерт алаңдарының біріндегі өнер көрсетуіне дейінгі жолын айғақтайды.
Димаш Құдайберген «Таймас» фильмінің түсірілім алаңына барды
Фильмнің анонсын әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Трейлер сипаттамасында: «Madison Square Garden аренасындағы бір түн. Дауыс шырқалар алдындағы тыныштық. Репетиция залдарынан бастап әлемдегі ең үлкен сахналардың біріне дейін жалғасқан көпжылдық еңбектің нәтижесі болған сәт», делінген.
Димаш Құдайбергеннің «Көкжиектен асқан үн» жобасы 2 миллиардтан астам қаралым жинады
Деректі фильм көрермендерге Димаштың үлкен сахнаға дейінгі дайындығы мен шығармашылық жолының маңызды кезеңдерін жақынырақ таныстыруды мақсат етеді.