NVIDIA компаниясы гуманоидты роботтар өндірісін қолға алып, сонымен қатар жаңа дата-орталықтар салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компания бас директоры Дженсен Хуанг Reuters агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Д. Хуангтың айтуынша, робототехника саласын дамыту үшін NVIDIA Оңтүстік Кореяның LG Group компаниясымен стратегиялық серіктестік орнатады. Екі тарап қозғалтқыш технологиялары мен механикалық жүйелер бағытында бірлесіп жұмыс істемек.
«Біз гуманоидты робототехника мен роботтардың болашағын бір арнаға біріктіргіміз келеді. Қазір LG Group-пен қозғалтқыш жүйелері және механикалық шешімдер бойынша жұмыс істеп жатырмыз», деді ол LG Group төрағасы Ку Кван Момен кездесуден кейін.
Сонымен қатар NVIDIA LG-мен бірге деректер орталықтарын дамыту жобасына да қатысады.
Гуманоидты роботтар – адамға сыртқы келбеті мен қозғалысы жағынан ұқсас антропоморфты машиналар. Олар болашақта өндіріс орындарында да, тұрмыстық салада да кеңінен қолданылуы мүмкін.
Кенияда есту қабілеті бұзылған балаларға сабақ түсіндіретін робот жасалдыАйта кетейік, бұған дейін Илон Маск та адам тәрізді роботтар жасау жоспарын жариялап, келесі жылдары оларды жаппай нарыққа шығаруды көздейтінін айтқан еді.
Адамға ұқсас роботтарды дамыту: Оңтүстік Корея ауқымды жобаны іске қосты