• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 16:58

Астанада тағы бір көше ішінара жабылады

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Қорғалжын тас жолына жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған жұмыстар мердігер ұйымның қаражаты есебінен кепілдік міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі. Осы орайда бүгін, 7 маусым күні аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген хабарламада.

Бұған дейін, 7 маусым күні Astana Half Marathon жарысы өтуіне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетіні туралы хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар