• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:37

Мьянмада болған жарылыстан кемінде 55 адам қаза тапты

Мьянманың көтерілісшілер бақылауындағы аумағында болған алапат жарылыс салдарынан кемінде 55 адам көз жұмған. Жарақат алғандар да бар. Қайғылы оқиға елдің Қытаймен шекаралас Шан штатындағы Наумхам ауданына қарасты Каунг Тат ауылында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, қаза тапқандардың арасында 25 әйел мен 30 ер адам бар. Аумақты бақылауда ұстап отырған Таан ұлттық азаттық армиясы (TNLA) жарылысқа кен өндіру және тас карьерлерінде қолданылатын жарылғыш заттардың тұтануы себеп болғанын мәлімдеді. Ұйымның хабарлауынша, оқиға жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де болған.

Пәкістанда пойызда жарылыс болып, 24 адам қаза тапты

TNLA таратқан мәлімдемеде жарылыс салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, жарақат алғаны, сондай-ақ тұрғын үйлердің бүлінгені айтылған. Алайда оқиғаның нақты себептері туралы толық ақпарат берілген жоқ.

Тұрғындардың айтуынша, алғашқы сәтте көпшілік мұны әуе шабуылы деп ойлаған. Қаза болғандардың арасында балалар да бар. Сонымен қатар жүздеген үйге зақым келген.

Нью-Йорктегі зауыттағы жарылыстан 16 адам зардап шекті

Жарылыстан кейінгі көріністі тұрғындар үрей мен қайғыға толы жағдай ретінде сипаттайды. Көбі жақындарын іздеп, ата-аналарын шақырып жылаған. Кейбір тұрғындар жарылғыш заттар сақталған нысанның тұрғын үйлерге тым жақын орналасуына қатысты жауапты органдардан түсініктеме талап етіп отыр. 

BBC мәліметінше, Таан ұлттық азаттық армиясы – Мьянмадағы әскери билікке қарсы күресіп жүрген ең ықпалды этникалық қарулы топтардың бірі.

Соңғы жаңалықтар