Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы Ресейдің мемлекетаралық экспорттық несиесі арқылы қаржыландырылады. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
«Бұл ұзақ мерзімді несие болады. Шарттары Қазақстан үшін өте тиімді. Бұл мәселе Қазақстанның Қаржы министрлігінің құзыретіне кіреді», деді Алмасадам Сәтқалиев.
Қазіргі уақытта алаңда инженерлік іздестіру жұмыстары басталып кеткен. Тікелей құрылыс жұмыстарына көшу 2027 жылға жоспарланған (алғашқы бетон құю күні). Бірінші блокты пайдалануға беру 2034 жылға, яғни құрылыс басталған күннен бастап 7 жылға жоспарланған. Орта есеппен мұндай нысандардың құрылысы 10 жылға дейін созылады.
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Бүгін Қазақстан мен Ресей АЭС салу және оны Ресейдің экспорттық несиесі есебінен қаржыландыру туралы құжаттарға қол қойды.
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Бұған дейін Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысының қашан басталатынын жазған едік.