• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:49

Қарағандыда көлік студент қызды қағып кетті: Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды

Қарағанды қаласында жол-көлік оқиғасы болып, Бөкетов атындағы университеттің студенті қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәліметтерге сәйкес, 2006 жылы туған бойжеткен жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған кезде оны «Лада» автокөлігі қағып кеткен. Соққы салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көлікті 33 жастағы жүргізуші басқарған. 

«2023 жылы 23 мамырда Қарағандыда «Лада» автокөлігінің жүргізушісі Университетская көшесімен келе жатып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған 20 жастағы қызды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр», делінген Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарламасында. 

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты студенттер жатақханасының дәл қарсы бетінде болған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Өз әйелін аяусыз қағып өлтірген полицей қамауға алынды

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысындағы Көкпекті станциясында мотоцикл тізгіндеген 17 жастағы жасөспірім сегіз жастағы қызды қағып кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар