Алдын ала ақпарат бойынша, полиция қызметкері көршілердің шуға қатысты шағымынан кейін пәтерге барған. Кейін сол жерде жәбірленушіге қатысты заңсыз әрекет жасалды деген ақпарат тараған.
Қала прокуратурасының баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, жұмыстан босатылған.
Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген қызметкер ауруханада қайтыс болды
Полиция департаменті мұндай заң бұзушылықтарға мүлде төзім болмайтынын мәлімдеп, қызметкерлердің тәртіп пен заң талаптарын қатаң сақтауы міндет екенін атап өтті. Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында нағашы атасы туған жиеніне зорлық көрсетті деген күдікпен іс қозғалған болатын.