• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент Бүгін, 11:34

Сайлау кезінде заң бұзғандарға жаза қатаңдатылады

20 рет
көрсетілді

Депуттаттар сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды. Бұл туралы Мәжіліс арнайы заң жобасы мен түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң жобалары бірқатар нормаларды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес келтіруге бағытталған.

«Атап айтқанда, округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау және бір мандатты округ бойынша сайланған мәслихат депутатын кері қайтарып алған жағдайда оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелері реттеледі. Бұдан бөлек, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының интернет-ресурстарында жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамы туралы мәліметтерді міндетті түрде жариялауды енгізу ұсынылды», делінген Мәжіліс хабарламасында.

Қазақстанның сайлау заңнамасы қалай өзгереді?

Түзетулер арқылы сайлау өткізу тәртібі де жетілдіріледі. Атап айтқанда, кандидаттардың сайлау қорларынан тыс қаржы немесе басқа да материалдық көмек тартқаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Сайлаудағы жаңа ережелер: Бір мезгілде әрі депутат, әрі әкім болуға тыйым салынады

Сонымен қатар онлайн-платформа қолданушыларына үгіт-насихат жүргізу, сайлауалды дебаттар мен қоғамдық пікір сауалнамаларының нәтижелерін және сайлау болжамдарын жариялау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар