Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтарды, деп жазады Egemen.kz.
7 және 12 мамыр күндері террористік қылмыс жасады деген күдікке ілінген төрт қазақстандық шетелден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілген.
«Аталған адамдар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген, ҰҚК бағдары бойынша ұсталды», делінген хабарламада.
Алматы полициясы 35 заңсыз мигрантты депортациялады
Қазіргі уақытта аталған азаматтарға қатысты қылмыстық істер аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Нұрболат АМАНБЕК