• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Атырау облысында сенбілік кезінде «ҚазТрансОйл» қызметкері қаза тапты

20 рет
көрсетілді

«ҚазТрансОйл» компаниясының қызметкері Құлсары қаласында өткен сенбілікте қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

AtyrauPress-тің жазуынша сенбілік кезінде ер адамды көлік қағып кеткен. Ол алған ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

Компания бұл жағдайды растады және қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тергеу аяқталғанға дейін оқиғаның нақты мән-жайы жарияланбайды.

«ҚазТрансОйл» өкілдері марқұмның отбасына қажетті барлық көмекті көрсететінін айтты және тергеу органдарымен толық ынтымақтастықта жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Еске салайық, Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты.

Өскемен қаласындағы «Қазцинк» зауытында болған жарылыс пен өрт салдарынан 2 адам көз жұмды.

Ал СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы дүние салды. 

Соңғы жаңалықтар