• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:58

«Қыздарымды басып қала жаздады»: Астанадағы саябақта балалар мінген аттракцион үзіліп кеткен

50 рет
көрсетілді

Астанадағы Орталық саябақта аттракцион кабиналарының бірі үзіліп, жерге құлаған. Ішінде екі кішкентай қыз бала болған. Бұл туралы қыздардың анасы әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға 25 сәуір күні сағат 17:10 шамасында болған. Куәгердің айтуынша, балаларын әткеншекке отырғызғаннан кейін бірнеше айналымнан соң кабина кенеттен ажырап, төмен құлаған.

Елорда тұрғыны қала әкімдігі мен жауапты органдардан саябақтағы барлық ойын құрылғыларына шұғыл техникалық аудит жүргізуді талап етіп отыр.

Саябақта құстарды тамақтандырғандар жауапкершілікке тартыла ма?

Қазіргі уақытта аталған жағдайға қатысты ресми органдар тарапынан түсініктеме берілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар