Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды.
Еске сала кетейік, кеше Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көріп, бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты.