АҚШ- та енді ең ауыр қылмыс жасағандарға қатысты ату, электр орындығы және газбен тұншықтыру әдістері қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ Әділет министрлігі арнайы құжат шығарып, Түрмелер бюросына өлім жазасын орындау хаттамасын өзгертуді тапсырды. Жаңа ережеге сәйкес, инъекциялық препараттар тапшы болған жағдайда баламалы әдістер қолданылады. Олардың қатарында кейбір штаттарда бұрыннан бар ату мен электр орындығынан бөлек, 2024 жылы Алабамада алғаш рет сыналған газбен тұншықтыру әдісі де бар.
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Дональд Трамп өзінің алғашқы президенттік мерзімінде (2021 жылға дейін) 20 жылдық үзілістен кейін федералды өлім жазасын қайта жандандырып, 13 адамды өлімге кескен болатын. Кейіннен Джо Байден федералды деңгейдегі өлім жазасына мораторий жариялаған еді.
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Бүгінде АҚШ-тың 27 штатында және федералды деңгейде өлім жазасына рұқсат берілген.