Кендірлідегі жаңа әуежай 2027 жылы іске қосылады. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, нысанды келесі жылға пайдалануға беру жоспарланған. Ал биыл Зайсанға қарай сынақтық техникалық рейстерді ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылып отыр. Негізгі әуе қатынастары да келесі жылдан басталуы мүмкін.
Нұрлан Сауранбаев сонымен қатар Кендірлі мен Зайсан бағыттарындағы билет бағасы мен рейстердің қолжетімділігіне қатысты мәселе әлі де талқыланып жатқанын айтты. Бұл ретте жергілікті әкімдіктер тарапынан субсидиялау мәселесі қарастырылуда, ол әуе компанияларымен келіссөздерге әсер етуі мүмкін.
Орал әуежайы авиаотынды әртүрлі бағамен сатып келген
Қазіргі уақытта Қазақстанның авиация саласында төрт ірі жоба іске асырылып жатыр. Оның екеуі – Шығыс Қазақстанға тиесілі болса, қалғандары Кендірлідегі құрылыс пен Қостанай облысындағы Арқалық әуежайын жаңғыртуға бағытталған. Сонымен қатар курорттық аймақтарда үш жаңа әуежай салуға шамамен 117 млрд теңге бөлініп отыр.