• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 08:30

Су сүзгіш жаңа кәсіпорын

50 рет
көрсетілді

Ақтаудағы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы – жаңа кәсіптік нысандарды ашуға қолайлы орын. Кейінгі жылдары аталған аймақтан өз кәсібін көргісі, өркендеткісі келетіндер саны көбейіп келеді. Үкімет қаулысына сәйкес биыл «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағының 10 мың гектарға дейін ұлғайтылуы да сұраныс пен қызығушылықтың бар екенінің дәлелі.

Жақында экономикалық аймақтан жағымды жаңалық жетті, мұнда су тазарту сүзгілерін шығаратын жаңа өндіріс орны ашылды. Жоба импортты алмастыруды, отандық өнім үлесін арттыруды мақсат еткен. Күнделікті тұтынатын суды сүзіп ішу –  ақтаулықтар үшін өзекті мәселе. Сондықтан мұндай кәсіпорынның іске қосылуы өңірдегі маңызды бастамалардың бірі болды.

«Аква Фильтер» ЖШС  жү­зе­ге асыратын өндірістің жыл­дық қуаты 160 мың сүз­гіш элементті құрайды. Жоба­ның құны – 100 млн теңге, ал жоспарланған жылдық өндіріс көлемі 617,5 млн теңгеге жетеді. Қазір кәсіпорында 15-тен астам жергілікті тұрғын тұрақты жұ­мыс­пен қамтылған.

Өндірісте пайдаланылатын негізгі шикізат та – отандық өнім. Полимерлік гранулалар Атыраудан жеткі­зіліп, Ақтауда өңделеді. Өндіріс орнының өнімі – сүзгіш элементтер тұрмыста, медицинада және мұнай-газ саласында қолданылады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық өн­ді­рушілерді қолдау мен инвес­торларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы саясатының нәтижесін сезініп отырмыз. Ар­найы экономикалық аймақ­та кә­сіпорындарға бірқа­тар салық­тық жеңілдік қарас­тырыл­ған. Бүгінде біздің кәсіпорын – өңірдегі су сүзгіш элементте­рін шығаратын жалғыз өнді­ріс орны. Қуатымыз тәулігіне 4 мыңнан астам өнім шығару­ға жетеді, –  дейді «Аква Фильтер» ЖШС басшысы Амангелді Тасқымбаев.

Оның айтуынша, арнайы эко­номикалық аймақта кәсіпорын­дарға қолайлы жағдай жасалған. Арнайы экономикалық аймақ өз көкжиегін кеңейте түспек, яғни алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ атқарушы директоры Гүлми­ра Әбішеваның айтуынша, аймақта басым қызмет түрлері кеңейтілген.

– Енді өңдеу өнеркәсібімен қатар туризм, ауыл және балық шаруашылығы, өзге де бағыттарда жаңа жобаларды жүзеге асы­ру­ға мүмкіндік бар. Биыл жалпы ­құны 158,6 млрд теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба іске қосылады, – деді Г.Әбішева.

Оның айтуынша, бұл 16 инвес­тициялық жоба іске қосылған­да 1800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашы­лады екен. Қазір өнеркә­сіп, логистика, туризм мен инфра­құрылым бағыттарындағы нысандарда құрылыс-монтаж жұмы­с­ы жүргізіліп, қажетті өндіріс­тік жабдықтар кезең-кезеңі­мен жеткізіліп жатыр. Жалпы, «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ аумағын­да жүзеге асқан әрбір ірілі-ұсақ­ты жаңа өндіріс орындары – ел эко­но­микасына қосылған үлес болмақ.

 

Маңғыстау облысы 

Соңғы жаңалықтар