• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 07:53

Бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі

10 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр елімізге іссапармен келген Шанхай қаласы Халық үкіметінің төрағасы Гун Чжэнмен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны тереңдету келешегін талқылады, сондай-ақ ірі мегаполистер деңгейіндегі өзара іс-қимылға ерекше назар аударды.

Келіссөз барысында екі мемлекет көшбасшыларының дипломатиясының арқасын­да қазақ-қытай қатынастары бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде екендігі атап өтілді. Роман Скляр Шанхайдың инновациялар, қаржы және «жасыл» энергетика саласындағы әлем­дік көшбасшылардың бірі ре­тін­дегі жоғары әлеуетіне тоқ­та­­­лып, екі елдің қаржы мен і­с­кер­­лік орталықтары арасын­да­ғы практикалық әріптестікті кеңейтудің маңызды екенін айтты.

Өз кезегінде Гун Чжэн Шанхай компанияларының елімізде бірлескен жобаларды, соның ішінде машина жасау, логистика, жоғары технологиялар, цифрландыру салаларында жүзеге асыруға қызығушылығын растады.

Премьер-министрдің бірін-ші орынбасары Алматы мен Шанхай арасындағы былтыр құрылған бауырлас қалалар қарым-қатынастарының әлеуе­тін жоғары бағалап, бұл фор­мат сауда, инвестиция, мә­дениет, білім беру сала­ла­рын­­дағы тәжірибе алмасуда пра­кти­калық ынтымақтастықты орна-т­у­ға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ ел экономикасын әртараптандыруға, Қытай бизнесінің Орталық Азия нарықтарына шығуына ықпал ететін бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара дайындығын растады.