• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:57

Шетелдіктерді заңсыз тіркеген: Ақтөбеде жалған құжат жасаумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды

20 рет
көрсетілді

Ақтөбеде Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚҚО) ғимаратында заңсыз делдалдық қызмет ұйымдастырған бір топ тұлға құрықталды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында күдіктілердің ХҚҚО ішінде бірнеше кабинетті жалға алып, «көмек көрсету» схемасын құрғаны анықталды. Олар Орта Азия елдерінен келген шетел азаматтарына ақылы негізде заңсыз тіркеу жүргізіп, жалған құжаттар рәсімдеумен айналысқан.

164 млн теңге шығын: Алматыда жүк көліктерін заңсыз тіркеген ХҚКО-ның қызметкерлері сотталды

«Қазіргі уақытта күдіктілердің шетелдіктерге жалған құжаттарды пайдалана отырып, делдалдық қызмет көрсеткені дәлелденді. Аталған факт бойынша жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу баптары негізінде қылмыстық іс тіркелді», деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Полиция қазіргі уақытта күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін толық құжаттандыру бойынша жедел-тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.

Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады

Соңғы жаңалықтар