• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 10:22

3 млрд теңгеден астам залал: Қостанайда субсидияны заңсыз иемденген қылмыстық топ сотталды

10 рет
көрсетілді

Қостанайда ауыл шаруашылығына бөлінетін мемлекеттік қолдау қаржысын талан-таражға салғандар жазаланды. «Beef Export Group» ЖШС төңірегіндегі даулы іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмыстық топ құрамында шенеуніктер мен ветеринария мамандары болған. Олар мал басын жалған тіркеу және өңдеу құжаттарын қолдан жасау арқылы мемлекет бюджетіне 3 миллиард теңгеден астам нұқсан келтірген.

Субсидияны заңсыз рәсімдеген: Түркістан облысында кооператив басшысы 4 жылға сотталды

«Қаскөйлер ірі қара малды сатып алу және оны қайта өңдеу туралы құжаттарды жалған рәсімдеу арқылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жүйелі түрде субсидия алып отырған. Түскен қаражаттар жалған жеткізілген мал үшін төленгендей көрсетіліп, ақпараттық жүйелерге енгізілгеннен кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, кейін жалған өнім үшін төлем ретінде бақылаудағы ұйымдардың шоттарына қайта аударылған. Іске заңды түр беру мақсатында жалған бухгалтерлік құжаттар рәсімделіп, олардың негізінде субсидия алуға қайта өтінімдер беріліп отырған.Нәтижесінде мемлекетке 3 млрд теңгеден астам залал келтірілді», деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Сот шешімімен ұйымдастырушы Пархоменко А.Г. 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық топтың 14 қатысушысына 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған 1,3 млн доллар, 700 млн теңге және өзге де мүліктер тәркіленді.

Алаяқтық кең тараған: Премьер-министр субсидиялау саясатын қайта қарауды тапсырды

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар