• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 11:22

Жұмыс істеп жүрген ұстаздар біліктілік тестін тапсырудан босатылды

40 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтердің білімін бағалау (ПББ) тестінің тоқтатылуына қатысты туындаған сұрақтарға жауап берді. Министрдің айтуынша, бұл рәсімнің аттестацияға ешқандай қатысы жоқ, деп жазады Egemen.kz.

Министр Жұлдыз Сүлейменова атап өткендей, бұл шешім уақытша емес, жүйелі өзгеріс ретінде қабылданған. Енді жұмыс істеп жүрген педагогтер біліктілік тексеру тестін тапсырудан босатылады.

«Педагог мамандығына ең алғашқы қадамын басып жатқан университет түлектері тапсырады. Өйткені, олар мамандыққа енді ғана келе жатыр, сондықтан олардың білім деңгейін біз білуіміз керек. Сондай-ақ, осы жас ұстаздар екі жылдан кейін "педагог модератор" біліктілік деңгейіне өтуге қадам басқан кезде педагогтің біліктілік деңгейін тексеру тестін тапсырады. Қалған ұстаздар қалған санаттарға өту үшін біліктілік тестін тапсырмайды», деді министр.

Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?

Министрдің айтуынша, бұл талап жас ұстаздардың кәсіби дамуына да қатысты. Атап айтқанда, олар 2 жылдан кейін «педагог модератор» деңгейіне өту кезінде біліктілік тестінен қайта өтеді.

Қалған санаттағы мұғалімдер үшін бұл тест енді аттестация үдерісіне әсер етпейді және олардың кәсіби деңгейін бағалау құралы ретінде қолданылмайды.

Ротация реформасы: Мектеп директорларын шекті мерзімге тағайындау қаншалықты тиімді?

Айта кетейік, бұған дейін министрлік педагогтердің білімін бағалау рәсімінің тоқтатылғанын хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар