• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 18:13

Қазақстандағы жаңа үйлердің орташа құны қанша?

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2026 жылдың наурыз айында бастапқы тұрғын үй нарығындағы баға салыстырмалы түрде тұрақты сақталды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел бойынша орташа өсім ақпан айымен салыстырғанда бар болғаны 1% болды. Ал жыл басынан бергі үш айдағы өсім +3.7% деңгейінде, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстандағы бастапқы тұрғын үй нарығы тепе-теңдік жағдайында тұр. Бағаның күрт көтерілуі байқалмайды, керісінше, кейбір өңірлерде тіпті төмендеу тіркелген.

Қай қалаларда баға өзгерді? 

Наурыз айында жаңа үйлердің бағасы бірнеше қалада өскен:

Астана – +2.2%; Ақтөбе – +1.4%; Павлодар – +1%; Алматы – +0.4%; Қарағанды – +0.4%.

Ал кейбір өңірлерде баға керісінше төмендеді:

Ақтау – 1.5%; Атырау – 0.6%;  Қонаев – 0.4%.

Жаңа үйлердің бағасы қалай өзгерді?

Көптеген өңірде айлық динамика өзгеріссіз қалды. 2026 жылдың наурызында ел бойынша жаңа үйлердің орташа бағасы 612 315 теңгені құрады.

Астана – 731 990 теңге; Алматы – 722 400 теңге; Шымкент – 535 036 теңге; Атырау – 532 205 теңге; Орал – 326 259 теңге; Ақтөбе – 345 933 теңге; Көкшетау – 350 712 теңге.

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін

Соңғы бір жылда жаңа үйлердің бағасы орта есеппен 16.6% өскен. Ең жоғары өсім – Астана (+20.7%), Алматы (+20.2%) және Ақтөбе қалаларында (+20%) тіркелген.

 

Тұрғын үй ережесі түбегейлі өзгерді

 

Соңғы жаңалықтар