• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:15

Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек

10 рет
көрсетілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және жо­ға­ры білім министрлігімен бірлесіп «Суды үнемде – бола­шақ­ты сақта!» тақырыбында экологиялық сағат ұйым­дастырды. Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлт­тық уни­верситетінде өткен басқосуда студенттер та­биғатты қор­ғауға, суды сақтауға қатысты ұсыныстарға ерекше ықы­лас танытты.

Мазмұнды кездесуге Су ресурс­тары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов,  Сенат депутаты Бекболат Орынбеков, ЕҰУ басқарма төрағасы-ректоры Ерлан Сыдықов, ЕҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы Дархан Мың­бай қатысты. Экосағатқа уни­вер­ситеттің 500-ден астам студенті жиылса, еліміздің өзге жоғары оқу орындарынан 2000-нан астам студент онлайн форматта қосылды. Қонақтар студенттерге былтыр қабылданған Су кодексін­дегі жаңашылдықты, эко­но­мика салаларында суды үнем­­деуді қамтамасыз ету бойын­ша ат­қарылып жатқан жұ­мыс­ты жан-жақты баяндады. Сол секіл­ді тұрмыстық жағдайда суды үнем­деу тәсілдері, Солтүстік Арал­ды сақтау, су шаруашылығы инфра­құ­рылымын дамыту, жерасты суын игеру бағытындағы жобалар назар­дан тыс қалмады. Мемлекет дең­гейінде іске асып жатқан жоба­лардың ретін, негізгісін Су ресурс­тары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтып берді.

«Қазір әлемде ауызсу тап­шылығын көріп отырған елдер бар. Сондықтан су мәселесі эко­логиялық тақырып қана емес, елдің тұрақты дамуы мен қауіп­сіздігі мәселесіне айналып келе жатыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, су ресурс­тарын тиімді әрі ұқыпты пайдалану – елдің орнықты дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Сондықтан суды үнемдеу мем­ле­кет­тің ғана емес әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі деп тү­сі­ну керек. Осыған дейін су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024–2030 жылдарға арнал­ған тұжырымдамасын бе­кіт­тік. Сол тұжырымдамада 17 ин­ди­­катор белгіледік, болжамдар­ды қа­перге алдық. Жас маман­дар су ре­сурс­тарын тиімді бас­қару, жаңа тех­но­логияларды енгізу, экология­лық мәдениетті қалып­тастыру ісінде айрықша рөл атқара­ды. Сіздердің білімдеріңіз бен жаңа идея­ларыңыз келешекте су қа­уіп­сіз­дігін қамтамасыз етуге үл­кен үлес қоса алады», деді Н.Нұржігітов.

Бұдан соң ЕҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы Дархан Мыңбай университеттің маман даярлау ісіне қосқан үлесі туралы баяндады.

«Былтыр желтоқсанда университет директорлар кеңесінің шешімімен «Жаратылыстану ғылымдары факультеті» «Жара­ты­лыстану ғылымдары институты» болып қайта құрылды. Институт химия, география, биотехнология, биология, экология салаларында ғылым-білім беру кадрларын қалыптастырады. Бүгінде институтта 2 702 студент білім алып жатыр. Институт құрылымында гидрология және су ресурстары саласына маман даярлау ерекше орын алады. Осы күнге дейін университтен 316 гидролог маман білім алды, әлі де оқып жатқан студенттер баршылық. 2024 жылы Тараз қаласында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды. Бұл еліміз үшін өте маңызды қадам болғаны анық», деді Д.Мыңбай.

Осы күні Еуразия университеті студенттерінің, оқытушылары мен жас ғалымдарының үздік зерттеу жұмыстары мен жобалары таныс­ты­рылды. Экосағат қоры­тын­ды­сын­да қонақтар студенттерді қы­зық­тырған сұрақтарға жауап берді.

Соңғы жаңалықтар