Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, түрлі бәліштер мен тәтті тағамдарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен джемдерді тиімді бағада сатып ала алады.
Іс-шара 4 және 5 сәуір күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тасжолы, 35Б мекенжайында орналасқан «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді.
Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді
Келушілерге қолайлы болуы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.