• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 19:39

Қазақстанда еріктілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру ұсынылды

10 рет
көрсетілді

Қазақстанда еріктілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

18 наурызда мәжіліс депутаты Николай Арсютин еріктілерге қосымша әлеуметтік қолдау шараларын қарастыруды ұсынған. Оның ішінде өмірді сақтандыру мәселесі де бар. Балаеваның айтуынша, бұл бастама қазір қарастырылып жатыр.

«Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, жоғалған адамдарды іздеуге және өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнетін өзге де қызмет түрлеріне қатысатын еріктілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру мәселесі қаралып жатыр. Ұсынылып отырған шаралар 2030 жылға дейінгі волонтерлікті дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдамада көрініс табады», делінген жауапта.

Сондай-ақ Арсютин волонтерлік қызмет кезеңін еңбек өтіліне есептеу мәселесін де көтерген. Вице-премьер бұл мәселе 2022 жылы да қаралғанын атап өтті. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ұсынысты қолдамаған.

Аида Балаеваның айтуынша, халықаралық тәжірибеде де волонтерлік қызмет еңбек өтіліне теңестірілмейді.

Соңғы жаңалықтар