• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мектеп Бүгін, 17:26

Астанада мұғалім оқушыны ұрып жіберген: Білім басқармасы жауап берді

20 рет
көрсетілді

Елордадағы мектептердің бірінде педагогтың оқушыға физикалық күш қолданғаны анықталып, ол қызметінен босатылды. Бұл деректі қала әкімдігінің Білім басқармасы растады, деп жазады Egemen.kz.

Қызметтік тексеріс барысында оқиға расталып, тиісті шешім қабылданды. Мұғалім Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына сәйкес, тәрбиелік міндет атқаратын қызметкер үшін жол берілмейтін моральға жат қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды.

Ведомство мәліметінше, білім беру ұйымының басшылығы да жауапкершіліктен тыс қалмады.

«Қосымша тәртіптік шаралар қабылданды. Мектеп басшысы мен оның орынбасарларына дербес жауапкершілік жүктеліп, ресми тәртіптік жаза қолданылды», делінген хабарламада.

Білім басқармасы бұл жағдайдың бақылауда екенін атап өтті.

Мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениет сабақтары басталды

Осы оқиға аясында мамандар педагогикалық әдеп пен оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін алға тартады. Мұғалімнің басты міндеті – білім беру мен тәрбиелеу, ал кез келген зорлық-зомбылық әрекеті заңға қайшы және қызметтік міндеттерге сәйкес келмейді.

Қазір аталған жағдай бойынша қосымша тексеру шаралары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы зерделеніп жатыр.

Батыс Қазақстан облысында мектеп автобусы апатқа ұшырады: Балалар зардап шекті

Соңғы жаңалықтар