• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әскер Бүгін, 14:58

Швед үстелі мен ұлттық тағамдар: Әскери қызметшілердің жаңа ас мәзірі қандай?

20 рет
көрсетілді

Қазақстан Қарулы күштерінде әскери қызметшілерді азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесін кешенді түрде жаңғырту жұмыстарындағы негізгі жаңалықтардың бірі бірнеше тағам арасынан өз таңдауын жасауға мүмкіндік беретін «швед үстелі» элементтерін енгізу болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа тамақтану жүйесі бойынша әскери қызметшілер күн сайын ұсынылатын бірнеше бірінші және екінші тағам арасынан таңдау жасай алады. Бұл ретте тамақтану құны өзгеріссіз сақталады, ал үнемделген қаражат тағам дайындау мен тарату үдерістерін тиімді ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта әскердегі тамақтандыру жүйесі 40 мыңнан астам әскери қызметшіні қамтып, 23 қызмет көрсетуші арқылы жүзеге асырылуда. Олардың қатарына мерзімді қызмет сарбаздары, курсанттар мен кадеттер кіреді. Жүргізілген конкурс нәтижесінде нарыққа 11 жаңа жеткізуші тартылып, бәсекелестік деңгейін арттыруға және қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік жасалды.

«Smart-военкомат» және «e-Медосмотр»: Әскерге шақырылушылар цифрлық жүйе арқылы іріктеледі

Сонымен қатар тамақтандыру жүйесі ұзақ мерзімді негізге көшірілмек. Енді келісімшарттар үш жылға жасалып, барлық конкурс рәсімдері толықтай электронды форматқа ауысады. Бұл өз кезегінде ашықтықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және жеткізушілердің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.

Тамақ сапасын арттыру мақсатында бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, шамамен 300-ге жуық көрсетілімдік және бақылау тағамдары дайындалып, аспаздарға арналған оқыту курстары өткізілді. Сонымен бірге, әскери қызметшілердің пікірлері ескеріліп, бөлімшелерде анонимді сауалнамалар жүргізілді. Оның нәтижесінде мәзір кейбір өзгерістерге ұшырап, азық-түлік нормалары сақтала отырып жетілдірілді.

Қорғаныс министрлігі өкілдерінің айтуынша, жаңа жүйеге көшу – әскери қызметшілердің тамақтану сапасын арттырудағы маңызды қадам. Басымдық сарбаздардың қажеттіліктеріне беріліп, тағамның әртүрлілігі мен сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде.

Алматы мен Түркістанда жаңа әскери нысандар салынып жатыр

Сонымен қатар тамақ рационын байыту мақсатында ұлттық тағамдарды енгізу жұмыстары да қолға алынған. Әскери бөлімдерде ұлттық тағамдар күндері ұйымдастырылып, палау, қуырдақ, мампар, ет, бауырсақ сияқты дәстүрлі тағамдар ұсынылуда.

Далалық жағдайда тамақтандыру сапасын арттыру және әскери аспаздар даярлау ісіне де ерекше назар аударылып отыр. Олар полигондарда азаматтық жеткізушілермен бірлесіп жұмыс істейтін болады.

Қоғамдық бақылау жүйесі де маңызды рөл атқарады. Бұл бағытта «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитеті тамақ сапасын бағалау және әскери қызметшілермен кері байланыс орнату процесіне қатысады. Бұл ұйым жүйенің ашықтығын қамтамасыз етіп, халық сенімін арттыруға ықпал етеді.

Көктемгі әскерге шақыру: Өтінімді енді онлайн беруге болады

Соңғы жаңалықтар